19:30, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматы-Астана күрежолында көлік апаты болды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Алматы-Астана күрежолының 459-ыншы шақырымында жол апаты болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қарағанды облысынан жолға шыққан «Хонда-Одиссей» автокөлігінің 30 жастағы иесі тайғанақ мұз басқан жол учаскесінде рульге ие бола алмай «МАН» автокөлігімен соқтығысты. Соққының күштілігінен «Хонда» машинасында отырған 26 жасар жолаушы әйел қазаға ұшырады. Болған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.