Алматы-Астана жолында болған жол-көлік апатында 6 адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Астана жолының 32-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

 Алматы-Астана жолында болған жол-көлік апатында 6 адам қаза тапты

Апат Қаскелең мен  Жамбыл кенті арасында орын алды.

«4 тамызда шамамен сағат 23.00 Mitsubishi Galant және Toyota Corolla көліктері Алматы-Астана трассасының 32-ші шақырымында соқтығысты. Апат салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар  Toyota жүргізушісі мен екі жолаушысы ажал құшты. 1995 жылы туған Toyota Corolla жолаушыларының бірі Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Әрі қарай процессуалдық шешім қабылданып, жүргізушілердің бірінің кінәсы анықталды», - деп хабарлады облыстық ІІД.