Алматы ауданында бірқатар балабақша, мектеп және шағын орталық ашу жоспарлануда

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылы елорданың Алматы ауданында Қошқарбаев даңғылында 2 мектепке дейінгі балалар (240 орыннан) мекемесі, Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай «Толағай» (280 орындық), Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен Жұмабаев даңғылының шығысында «Шұғыла» (240 орындық), сондай-ақ, «Интернациональный» тұрғын алабында (240 орындық) балабақша ашылуы жоспарланған,
None
None

деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұған қоса, «Тәуелсіздік» тұрғын үй кешенінде 180 орындық, «Тұрсын-Астана» тұрғын үй кешенінде 350 орындық 2 шағын орталық, Железнодрожный тұрғын алабында 1100 орындық орта мектеп ашу жоспарда бар.

«Сонымен қатар, ағымдағы жылы Астана күніне дейін «Караван-2» тұрғын үй кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты қарияларға арналған қажетті заманауи құралдармен жабдықталған әлеуметтік оңалту орталығы пайдалануға беріледі», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар