Алматы әуежайынан Анталияға ұшатын рейс тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Анталия әуежайындағы өрттің кесірінен Алматы әуежайынан Анталияға ұшатын бір рейс тоқтатылды.
None
None

Әуежайдың онлайн-таблосында Алматы-Анталия бағытындағы рейс тоқтатылғаны жазылған. Сонымен бірге, Анталиядан Алматыға келетін рейс те кейінге қалдырылды.

Әуежайдың анықтама қызметінің хабарлауынша, Алматыдан Анталияға ұшатын тағы бір рейс тоқтатылған жоқ және оған қазір тіркеу жүріп жатыр.

Астана әуежайына келер болсақ, түнде Atlasjet және Turkish Airlines әуе компанияларының ұшу/келу екі рейсі тоқтаған.

Бұған дейін Анталия әуежайынан шыққан өрт туралы хабарланған еді. Онда барлық рейс уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар