Алматы әуежайында Шарджаға сұңқардың 4 балапанын алып өтпекші болған жолаушы әйел ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері шекаралық бақылаудан өткеннен кейін «Алматы-Шарджа» рейсін ресімдеу кезінде ҚР азаматшасы, 1974 жылы туған жолаушыны ұстады.
Кіреберісте тексеру кезінде оның қолындағы жол сөмкесінен жәшікке салып, оралған 4 сұңқардың балапаны табылды.
Бұл факті бірыңғай соталды тергеу тізіліміне ҚР ҚК 339-бабы бойынша тіркелді.
Күдіктінің айтуынша, бұл сөмкені оған шекаралық бақылаудан өткеннен кейін бұрын танымайтын әйел берген, ол ұшақтағы жолаушыға беріп үлгермей қалған.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.