Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы қолданысқа беріледі

Алматы халықаралық әуежайының президенті Эрсой Альп Эр Тунга журналистерге VIP терминал ғимаратының тарихи келбеті сақталатынын айтты.
Нысан заманауи дизайнмен қайта жаңармақ. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Оған 200 млн доллар инвестиция қарастырылған.
«Халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін әуежайда VIP-терминалдар мен жаңа бағыттағы күту залдары болады. Құрылыс жұмыстары кезінде әуежай ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысын тоқтатпайды. Барлық терминал мен қызметкер жолаушыларға қызмет көрсете береді. Жаңа әуежайдың құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлап отырмыз», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга.
Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполистегі әуежай ғимаратын жаңарту кезінде тарихи құрылымы сақталатынын айтқан болатын.