Алматы ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталық клиникалық қалалық ауруханасында емделіп жатып, АИТВ жұқтырған 3 пациенттің ісін арнайы комиссия тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия жұмысты 14 маусымда бастаған.

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емделген бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

Тексеру барысында бүкіл үш пациент сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшесінде медициналық көмек алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленіп жатыр.

Олармен байланыста болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс, қалған 174-інің нәтижесі әлі шыққан жоқ.

«Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар