Алматы-Бішкек рейсін орындаушы ұшақ әуеде SOS белгісін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Embraer ұшағы, Алматы-Бішкек рейсін орындаушы KC109 AirAstana әуеде SOS белгісін берген. 

 Алматы-Бішкек рейсін орындаушы ұшақ әуеде SOS белгісін берді

Бұл туралы Facebook-тегі өз парақшасында  Денис Кривошеев жазды.

«Тыңдаңыздар! Шұғыл! Embraer ұшағы, Алматы-Бішкек рейсін орындаушы KC109 AirAstana әуеде SOS белгісін берді.

Қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Борт әуежайға қайта бет алды. Барлық апаттық қызмет дабыл бойынша көтерілді. Бортта 50 адам бар. Егжей-тегжейін білуге тырысамын. Ұшақ бір  қозғалтқышпен қонуға бет алды, делінген оның  хабарламасында.

Абырой болғанда, ұшақ аман-есен Алматы әуежайына қонды.