Алматы бизнес-форумында еларалық көлік дәліздерін дамыту мәселелері талқыланады

Ресей Федерациясы Сауда өнеркәсіп палатасының Алматыдағы өкілі Андрей Хорунжий бүгін журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында көлік және логистика саласы форумның басты тақырыбы ретінде бекерге таңдап алынбағандығын түсіндірді.
«Бүгінгі таңда көлік пен логистика қатар дамып жатыр. Өйткені, бір-біріне тәуелді. Тауарлардың өзіндік құны мен түпкі бағасының 30 пайыздан 70 пайызға дейінгі көлемі көлік-логистикалық шығындардан құралады. Сондықтан, көлік және логистика Алматы бизнес-форумының басты тақырыбы ретінде таңдап алынды. Бұл форумда еларалық көлік дәліздері, дәлірек, Еуропа мен Азия елдерінің тауарларын барынша қысқа уақытта және төте жолдармен бір-біріне жеткізу мәселелері қаралады. Мұның барлығы бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Көлік дәлізі Қазақстан мен Ресей өндірушілері үшін үлкен маңызға ие. Бұл саланы жолға қою - тауарларды шет елдік нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді», - деді А. Хорунжий.
Жалпы, екі елдің бизнесін дамыту үшін басқа да мәселелер маңызды екені рас. Бұл тұрғыда форум аясында кәсіпкерлер құқығын қорғау, салық салу, бизнесті тіркеу және лицензия алу және басқа да мәселелер талқыланады.
Форум жұмысы ертең басталады.