Алматы бюджеті 117 млрд теңгеге үнемделді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігінің әрбір бюджет теңгесін тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралары арқасында 117 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында «5 институттық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«Бюджетті оңтайландыру жөніндегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау бойынша қала әкімінің тиімді жұмысы негізінде 117 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік туды», - деді Мақсат Қиқымов.

Оның айтуынша, бюджетті оңтайландыру 2 бағыт бойынша жүргізілді.

«Біріншіден, басымдыққа ие емес барлық шығыстар, сондай-ақ жеке инвесторлар іске асыруы мүмкін шығыстар алынып тасталды. Өткен жылы қазан айында қала бюджеті бірқатар ірі ауқымды басымдыққа ие емес шығыны көп жобаларды тоқтата тұру есебінен 30 млрд теңгені үнемдеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 40 млрд теңдеген астам соманы қамтитын жобалар жүзеге асып жатыр. Оның ішінде 27 бала бақшаны, 4 мектепті, 500 келушіге арналған емхананы, спорт кешенін салу жоспары бар. Балалар және спорт алаңын ашу жобасы бойынша 280 нысанның 167-сі ашылды. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін пайдалана отырып, жеке меншік коттедждерде және үй-жайларда 142 балабақша және 495 орынға арналған шағын орталықтар ашылды. Бұл бюджет қаражатын құрылыс, сондай-ақ, одан кейінгі операциялық шығыстар бойынша шамамен 16,5 млрд. теңгеге үнемдеді», - деді М.Қиқымов.

Брифингте Мақсат Қиқымов екінші бағытты да атап өтті. Оның айтуынша, жобалардың құнын 60 млрд. теңгеге оңтайландыру есебінен біршама қаражат үнемделген. 

«Жобалық сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) түзету есебінен АІІБ ғимараты құрылысының құны 800 млн. теңгеге, әкімшілік ғимараттары кешені 1,2 млрд. теңгеге және Наурызбай ауданында Қарғалы өзенін қайта жаңарту 500 млн. теңгеге оңтайландырылды. Жол айрықтарды бір жаққа ауыстыру есебінен Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшелерінің қиылысындағы көлік жол айырығы құрылысының Жобалық сметалық құжаттамасы 8,3 млрд. теңгеге және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолы қиылысындағы жол айырықтың құрылысы 5 млрд теңгеге оңтайландырылды», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қайырбеков көшесінен Шығыс айналма автожолына дейін және Рысқұлов даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысындағы  көлік жол айрықтарын сала отырып жер телімдерін сатып алуды оңтайландыру есебінен Төле би көшесін ұзарту кезінде 9,4 млрд. теңге үнемделген.

«Универсиаданың 3 ірі нысаны құрылысының құны  Алматы арена, Халық арена және атлетикалық ауыл 19,5 млрд. теңгеге оңтайландырылды. Бұл девальвация салдарынан жоба құнының өсуін  тоқтатуға мүмкіндік берді. Универсиаданы өткізуге арналған бюджет бастапқыда 33,1 млрд. теңгені құрады, ол 15,2 млрд. теңгеге оңтайландырылды», - деді М.Қиқымов.  

Соңғы жаңалықтар