Алматы бюджетінің 75 пайызға жуығы қалаға жаңадан қосылған елдімекендердің дамуына жұмсалуда - Б. Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы - бірегей қала. Ол әлемге белгілі қалалар: Нью-Йорк, Копенгаген немесе Ыстамбұл секілді болуға ұмтылмайды. Бүгін бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Алматы - өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» 5-ші Инновациялық форум барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.
None
None

«Алматы - Нью-Йорк, Копенгаген немесе Ыстамбұл қалалары сияқты болуға ұмтылмайды. Алматы Іле Алатауының бөктерінде орналасқан бірегей қала. Алматы - әлемдегі бес туристік орталықтардың бірі. Бірақ, бізде проблемалар жеткілікті. Біз қазір оларды шешуге күш салып жатырмыз», - деді әкім.      

Сонымен қатар, Б. Байбек бүгінде қалада шағын және орта бизнесті дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқандығын атап өтті. Алматы қаласы бюджетінің 75 пайызға жуығы қалаға жаңадан қосылған елдімекендердің дамуына жұмсалуда.

«Қазір біз бюрократиялық кедергілерді азайтуға күш салып жатырмыз. Бұл жерде жаңа заманауи технологиялар қолданылуда. Әрине, тұрғындардың менталитетін өзгерту керек. Бұл жерде тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету - өте маңызды, - деді  қала басшысы.   

Соңғы жаңалықтар