Алматы дәрігерлері жылы киініп жүру керектігін ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының тым жылы болуына байланысты дәрігерлер тұмаудың жаппай белең алуы мүмкін тағы бір кезеңін күтіп отыр. Қазірдің өзінде Алматыда ғана тыныс жолдарының вирустық жұқпалы ауруларына 4 мың адам шалдыққан, деп хабарлады КТК телеарнасы.
None
None

Десе де ауруханаға ем іздеп келген науқастар аз. Көбісі үйде ем қабылдап, аурулары асқынған соң ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Ал мамандар, тұмау қаңтардың орта тұсынан басталып, ақпанда шарықтау шегіне жетеді деп отыр. Дәрігерлер күннің жылы болғанына қарамастан дерттің алдын алуға шақырады. -Әрбір аурудың өз межесі бар. Егер ауру саны сол межеден асатын болса, сол кезде ғана біз жағдайды тұрақсыз деп танимыз. Қазірше ол меженің шегіне жеткен жоқпыз. Ауа-райы алдамшы болғандықтан тұрғындар жылы киініп жүрі керек. Жеңіл жүріп, ауруды өздері «шақырады», - деді Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Ұтағанова.

Соңғы жаңалықтар