«Алматы-Екатеринбург» тасжолында көлік апатынан екі адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1095-шақырымында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, оның бірі - 10 жасар қыз бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жол апаты туралы шілденің 19-да түнгі сағат 00:50-де Астрахан аудандық ПБ кезекші бөліміне хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қостанай қаласынан Қарағандыға бет алған «Chevrolet Lacetti» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі (Теміртау қаласының тұрғыны) рульге ие бола алмай, көлік аударылған.

Жол апаты салдарынан Теміртау қаласының тұрғындары – 33 жастағы ер адам мен 10 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Жүргізуші мен үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Астрахан аудандық ауруханасына жатқызылған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалынан Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Нұр-Сұлтан–Петропавл» трассасында жол апатынан 1 адам көз жұмып, 3 адам зардап шеккен болатын.



Соңғы жаңалықтар