Алматы – еліміз бойынша театры ең көп қала

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы еліміздегі театрлардың ең көп шоғырланған жері. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бюро мәліметінше, 1932 жылы елімізде тек 2 театр жұмыс істеген. 4 жылдан кейін олардың саны 24-ке жетеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның 65 театрында қойылымдар сахналанады. Оның 10-ы – жекеменшік. Театрлардың көп бөлігі Алматыда шоғырланған, онда 18 театр жұмыс істейді. Астанада 9 өнер үйі бар, ал Шымкентте – 6. Театрлардың негізгі үлесі – драма театрлар. Олардың саны – 36. Қазақстан бойынша 4 опера және балет театры бар, музыкалық театрлардың саны да дәл сонша. Жас көрермендер үшін 6 театр және тағы 9 қуыршақ театры бар», - делінеді хабарламада.

Бұдан бөлек, театрға келушілердің көпшілігі де Алматыда.

«2021 жылы театрларда 2 565 қойылым көрсетілді. Оның 319-ы жаңадан сахналанған. Өткен жылы әртістердің ойынын 1 172 718 көрермен тамашалаған. Ал, көрерменнің басым бөлігі Алматы (278,3 мың адам), Астана (211,3 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысының (137,2 мың адам) театрларында болды», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Оқи отырыңыз, Қаллеки театрының әр жаңа маусымы «Абай» қойылымымен ашылады. Бұл дәстүрге биыл 13 жыл.
Соңғы жаңалықтар