Алматы еліміз спорттық өмірінің орталығы болды және болып қала береді ? қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ – Таяу уақыттары биік таудағы «Медеу» спорт кешені, шаңғы трамплиндерінің кешені және Орталық стадион Алматы қаласының коммунальдық меншігіне өтеді. Қазір қажетті барлық құжаттарды қайта ресімдеу жүргізілуде. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қайырболат Хайдаров хабарлады.
None
None
? Алматы бұрынғысынша спорттық өмірдің орталығы болып қала берді. Оны Бейжің Олимпиадасының нәтижелері тағы да қуаттай түсті. Біздің қаланың спортшылары 35 Олимпиадалық лицензияны жеңіп алды, бұл аймақтар арасындағы ең үлкен көрсеткіш болып табылады. Алматының екі өкілі құраманың қоржынын медальмен толықтырды. Боксшы Бақыт Сәрсекбаев алтын медальды, греко-рим күресінен Әсет Мәмбетов күміс медальды жеңіп алды.? Еліміздің ең ірі қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спортының бүгінгі жай-күйі қандай? Балалар спорт секцияларына қаншалықты тартылған?? Соңғы уақыттары осы салада бірқатар проблемалар жинақталды. Бірінші кезекте олар материалдық-техникалық базаның нашар дамуымен, жоғары білікті жаттықтырушы кадрларының, спорттық-тамашалау іс-шараларын өткізуге және оқу-жаттығу үдерістеріне арналған ғимараттардың жетіспеуімен байланысты. 31 ведомстволық бағынысты ұйымның тек төртеуінде ғана оқу-жаттығу базалары бар. Барлық қалған нысандар ? қала жалға алған спорттық ғимараттар. Бүгінгі күні біздің ведомствода бірде-бір ірі спорттық ғимарат жоқ. Мысалы, «Достық» әмбебап спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Орталық жүзу бассейні және бірқатар басқа ірі нысандар жеке адамдардың қолдарында қалып отыр. Осы жағдайда біздерге спорт залдарын, жүзу бассейндерін және басқа да жаттықтыру нысандарын жалдауға арнап қыруар қаражатты жұмсауға тура келеді. Солай болғанымен, өзіміздің балалар мен жастар мектептерін жаңа талантты балалармен толықтырудағы және ұлттық құрама командасы үшін резерв даярлаудағы жауаптылықты біздерден ешкім алған жоқ. Биылғы жылы Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте Қазақстан мектептері мен колледждер оқушыларының 4-ші жазғы Спартакиадасында бірінші орынды иеленді. Бұл қаладағы балалар мен жастар спортын дамытудағы елеулі көрсеткіш болып табылады, спорттық резервтерді даярлау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Алматының 682 спортшысы еліміздің жасөспірімдер мен жастар командасының құрамына енуі кездейсоқтық емес. ? Алматыда № 9 Олимпиадалық резервтің спорттық гимнастикадан мамандандырылған жалғыз ғана балалар мен жастар мектебі жұмыс істейді. Оның даму перпективасы қандай?? Бұл шынында да спорттық гимнастикадан, спорттық акробатикадан, акробаттық жолдан және батуттан секіруден сабақ өтетін Алматыдағы жалғыз спорт мектебі. 743 спортшымен 59 жаттықтырушылар мен оқытушылар айналысады. Олардың тоғызының «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атағы бар. Балалардың үлкен тасқынына байланысты зал өз мүмкіндігінің толық шегінде жұмыс істейді. 2007 жылы басқарма жаттығулар мен жарыстар өткізуге жарамды жаңа заманауи залдың жобасын жасауға шешім қабылдады. Спорттық резервті барынша сапалы даярлау үшін демалыс және оңалту бөлмелерін, медицина және массаж бөлмелерін қалпына келтіру және фитоаэроциялық бөлмелерді, хореографияның және күш даярлықтарының жеке залдарын, 50 орынға арналған асхана салу қажет. Жоба іске асыруға даяр және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алды. Осы гимнастикалық орталықтың құны ? 530 млн. теңге.? Спорттың осы түрі бойынша да біздің жетістіктеріміз бар. Қалада жеңіл атлетикаға қандай көңіл бөлінуде?,/b>? Қазақстанның жеңіл атлетикасына 2008 жылы 90 жыл толды. Бірақ Алматыда спорттың осы түрі кеш ? 1923 жылы «Динамо» спорт қоғамының құрылуына орай пайда болды. Осы уақыт ішінде ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің үлкен тобы әзірленді. Алматының спортшылары республиканың құрама командасы түрлі жас топтарында ? 16 спортшы ересектер құрамында, 10-ы ? жастар, 12-сі ? жас жеткіншектер, 18-і ? жасөспірімдер құрамында лайықты өнер көрсетті. Барлығы 56 адам.Алматы жеңіл атлеттері үшін ең маңызды жетістік ? бұл 2000 жылы Сиднейдегі Ольга Шишигинаның Олимпиадалық алтыны. Бейжіңдегі өткен Олимпиада ойындарында спорттың осы түрінен еліміздің намысын төрт алматылық спортшы қорғады. Олардың өнерлері қанағаттанарлық деп танылды. Әлем кубогының кезеңдерінде өте сәтті өнер көрсеткен Марина Айтованың табысты өнер көрсететініне қатты сенген едік, бірақ Олимпиадада ол тек 10-шы орынды иеленді. Бүгінгі күні біздер өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлкен үміт артамыз.Бүгінгі күні тек жеңіл атлетика ғана емес, спорттың басқа түрлері бойынша да барлық жағдайларға талдау жасалуда. Олимпиадалық цикл аяқталды және жұмыстардың қорытындыларын шығару, болашаққа арналған жоспарларды белгілеу қажет. Біз Алматы спортшылары алдына ең жоғары міндеттерді қоятын боламыз. Таяу уақыттары қала әкімдігінде республикалық және қалалық спорттық құрылымдардың, дене тәрбиесімен және спортпен байланысы бар барлық қалалық басқармаларының, спорт түрлері бойынша федерациялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, спорт ардагерлері мен спортқа мүдделі барлық тұлғалардың қатысуымен кеңейтілген актив өтеді. Оған Алматының әкімі Ахметжан Есімов қатысады. ? Алматы үшін ең маңызды спорттық оқиғалардың бірі ? алдағы қысқы Азиада. Даярлық қалай жүргізілуде?? Қысқы Азия ойындары 2011 жылы Қазақстанның екі қаласында ? Алматы мен Астанада өтетіні белгілі. Ашылу салтанаты 2011 жылғы қаңтардың 30-ында елордада, ал жабылуы ? Алматыда ақпанның 6-сында өтеді. Астанада мәнерлеп сырғанаудан, конькимен спорттық жүгіруден және шайбалы хоккейден жарыстар өтеді. Біздерде ? тау шаңғысы спортынан, шаңғымен жарысудан, шаңғымен трамплиннен секіруден, биатлоннан, шаңғымен спорттық бағдарлаудан, допты хоккейден және шорт-тректен өтеді. Алдағы Азиадаға даярлық аясында Алматыда спорт нысандарының құрылыстарын салу және қайта құру басталды. Қазіргі уақытта «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын және «Медеу» биік таудағы спорт кешенін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жол құрылысы аяқталуда. К-95, К-125 шаңғы трамплиндері кешенінің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын қайта жарақтандыру басталды. 2009 жылы барлық халықаралық талаптарға жауап беретін заманауи баспасөз орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Спорт нысандарын салу мен қайта құру жұмыстары межелі уақытында аяқталатын болады. Нысандарды тек пайдалануға беру ғана емес, тестілік сынақтардан өткізуді де ескеру қажет.? Қалада спорттың қандай қысқы түрлері барынша дамыған? Алдағы Азияда ойындарында Алматы спортшыларының перспективасы қандай?? Спорттың қысқы түрлері бойынша да проблемалар орын алып отыр. Азиадаға даярлық аясында спорт нысандарын қайта құруға байланысты қала спортшылары жаттығу базаларынсыз қалды. «Медеу» биік таудағы кешені мен Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы жабылғанға дейін де мұз айдындарының жетіспеу проблемалары сезілетін, бірақ бүгінгі күні бұл айрықша өткір қойылып отыр.Қалада «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы жұмыс істейді, Олардың ойыншылары Ұлттық құрама команданың негізін құрайды. Қытайдың Чанчунь қаласында өткен алтыншы қысқы Азия ойындарында Қазақстанның командасы алтын медальды жеңіп алды. Өз алаңында олар осы нәтижені қайталайды деп ойлаймын. Сонымен қатар, біздің мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тень мен Абзал Рахымғалиевтардан жақсы нәтижелер күтуге болады. Өткен Азия чемпионатында олар жас жеткіншектер арасында тиісінше алтын және күміс медальдарды жеңіп алды. Сонымен қатар, «ұшатын» шаңғышылардан және шорт-трек өкілдерінен нәтижелер күтуге болады. Дәл осы спорттың қысқы түрлері қалада жақсы дамыған.? Сұхбатыңызға рахмет.
Соңғы жаңалықтар