Алматы халықаралық әуежайының жолаушылары «Uni Жылжымалы кітапхана» жобасының игілігін көре бастады

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында 11 наурыздан бастап «Uni Жылжымалы кітапхана» жобасы жүзеге асырыла бастады.
None
None

Алматы қаласында орналасқан АҚШ-тың Бас консулдығы мен Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы іс-шараны 15 наурызға дейін (09:00-18:00 аралығында) әуежайдың екінші қабатында өткізетін болады. Бұл өз рейсін күтіп отырған жолаушыларға кітап оқып, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Өткен жазда басталған бұл жоба бұған дейін қала бойынша 7 қоғамдық орынды қамтыған болатын.

«Uni Жылжымалы кітапхана» өте оңай құрастырылып, жылжытылады. Біз білім мен кітап окуды қолдау мақсатында осы жобаны Алматыда жыл бойы өткізетін боламыз»,- дейді Бас консул Майкл Сноуден.

Жалпы Uni - жылжымалы қоғамдық оқу залы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде балаларға арналған әдебиет пен энциклопедиядан бастап, әлемге әйгілі романдарға дейінгі 500-ден астам кітапты қамтиды. Жылжымалы кітапхана қоры С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы мен АҚШ Бас консулдығының кітаптарынан құрылған. Жылжымалы кітапхананы қоғамдық орындарға шығару арқылы оқырмандардың әсіресе, жастар қауымының кітап пен оқуға қызығушылығын арттырып, кітапханаларға баулу мақсатында құрылған болатын. АҚШ-тың Street Lab, Inc. коммерциялық емес ұйымы жасаған Uni жобасы күнделікті өмірде кітаптардың маңыздылығын және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында қаладағы қолайлы орынды уақытша оқу залына айналдырады.

Соңғы жаңалықтар