Алматы халықаралық қаржылық орталықтары индексі бойынша әлемде 58-орынға тұрақтады
Наурызда жарияланған халықаралық есеп қорытындысы бойынша Қазақстанның оңтүстік астанасы Варшава, Копенгаген, Мадрид, Прага сынды қалалардан көш ілгері тұр. Ал Мәскеу қаласы 73- орынды қанағат тұтса, Санкт-Петербург 78-орынға жайғасты.
Сонымен қатар, қала басшысы Ахметжан Есімов қалада барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсу байқалатындығын атап өтті.
«Соңғы 5 жылда жалпы аймақтық өнім 2 есеге өсіп, 2013 жылда 6,4 трлн. теңгені құрап отыр, ал жалпы бір адамға шаққанда 27 мың АҚШ доллары. Былтыр мемлекет қазынасына 1 трлн. 368 млрд. доллар көлемінде салық түсімдері түскен. Яғни, 2012 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсіп отыр. Биылғы жылдың 2 айында өнеркәсіп, транспорт, байланыс, сауда, қызмет көрсету салаларында да тұрақты түрде даму байқалады», - деп атап өтті шаһар басшысы.