12:39, 07 Қазан 2016 | GMT +5
Алматы хайуанаттар бағындағы жирафты біреулер улап өлтірген болуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тохтар Әлиев жирафтың өліміне қатысты алғашқы болжамды айтты.

Оның айтуынша, зообақ қызметкерлері ерекше аңды біреулер улап өлтірді деген нұсқаға тоқталып отыр. Өйткені, жираф сап-сау болған.
«Егер сараптама қорытындысы біздің болжамды растаса, біз қылмыстық іс қозғауға арызданатын боламыз», - деді Т.Әлиев.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматы хайуанаттар бағында екі жастағы Мелман атты жираф 5 қазан күні өліп қалған.
Т.Әлиев «ҚазАқпарат» тілшісіне жануардың өлексесі сараптамаға жіберілгенін, 10 жұмыс күні ішінде толық нәтижесі белгілі болатынын айтқан.