Алматы қалалық және облыстық соты ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қалалық сотының ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішік істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ер адам бомба қойылған туралы хатты сонымен қатар Алматы облысы мен Алматы аудандық сотының және Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына да жолдаған.
«Бомба туралы хабарлаған адам билік өкілдеріне шарт қойды»,-делінген хабарламада.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ