Алматы қаласы № 4 ауруханасының анестезиологы қолхатпен босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы қаласы № 4 ауруханасының анестезиолог дәрігері Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматы қаласы № 4 ауруханасының анестезиологы қолхатпен босатылды

Бұл туралы қаладық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Осыған дейін Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалғандығын жазған болатынбыз.

Еске салсақ, бұған дейін №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған еді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті 2 айға сотталған дәрігерлердің ісін заң тәртібіне сай шешуді тапсырды.