Алматы қаласы ІІД қыз баланы зорлаушыдан құтқарған әйел адамды іздестіруде

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алатау ауданының ІІБ он жасар қыз баланы зорлаушыдан құтқарып қалған еуропалық ұлтты әйел адамның мекенжайы туралы кез-келген ақпаратты ұсынуды сұрайды, деп хабарлайды қалалық ІІД.

Алматы қаласы ІІД қыз баланы зорлаушыдан құтқарған әйел адамды іздестіруде

Аталған оқиға ағымдағы жылғы 12 тамызда «Ақбұлақ» ықшамауданындағы Шәріпов және Сыздықов көшелерінің қиылысында, № 154 мектептің жанында орын алған. Күдікті адам ұсталып, қамауға алынды. Құтқарған әйел адам - болған оқиғаның негізгі куәгері.

Аталған факті бойынша кез-келген ақпарат 2 27 55 40; 2 27 55 32; 2 27 55 43 немесе 102 телефондары бойынша қабылданады.