Алматы қаласынан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 24 қазан күні Алматы уақытымен 21 сағат 57 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласынан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 145 шақырым қашықтықта, Қырғызстан Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,0, магнитудасы – 3,8.

Жерасты дүмпуі 20 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.