Алматы қаласынан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 ақпан күні Алматы уақытымен 16 сағат 40 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласынан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 786 шақырым қашықтықта, Ауғанстан Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 4,8.

Жерасты дүмпуі 120 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.