Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2014 жылғы 13 мамырда Алматы уақыты бойынша 19 сағат 41 минут 10 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 13 мамыр 13 сағат 41 минут 10 секунд) жер сілкінісін тіркеді.

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінісі тіркелді

Жер дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 206 шақырым қашықтықта Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 9.9. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі - 5 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.