12:01, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Алматы қаласынан оңтүстіккке қарай жер сілкінді
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - "ҚР БҒМ СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісі кеше Алматы уақыты бойынша 23:49:52-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстіккке қарай 307 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық тобы - 9.8. Магнитудасы MPV - 4.3. Тереңдігі - 10 шақырым.
Жер асты дүмпуінің сезілгені жайлы мәлімет келіп түскен жоқ.