Алматы қаласынан шығысқа қарай жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық стансалар желілері 2014 жылдың 17 мамыры күні Алматы уақыты бойынша 16 сағат 31 минут 29 секундта жер сілкінісі болғанын тіркеді.
Зілзала кіндігі Алматы қаласынан шығысқа қарай 486 шақырым жерде Қытай елінің аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым, энергетикалық күші 9.6 балл, магнитудасы MPV 4.1 жеткен. Сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.