Алматы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдердің «Күз береке» республикалық І ән-би байқауында батысқазақстандықтар қос бірдей бас жүлдені иеленді

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында 7-10 қарашада өткен балалар мен жасөспірімдердің «Күз береке» республикалық І ән-би байқауында батысқазақстандықтар қос бірдей бас жүлдені иеленді.
None
None

Облыстық халық шығармашылығы орталығынан хабарлағанындай, «Қызғалдақтар» үлгілі би ансамблінің үлкен тобы бас жүлдені жеңіп алса, орта тобы бірінші орынға көтерілді. Ансамбльдің негізін қалаған әрі жетекшісі - Райхан Қожекешева.

Эстрада жанры бойынша Оралдағы №42 орта мектеп оқушысы Ерсұлтан Мырзағалиев үшінші орынды иеленсе, вокал жанрынан №30 орта мектеп шәкірті Бекболат Жантілеуов тағы бір бас жүлдені қанжығаға байлады.

Соңғы жаңалықтар