Алматы қаласының 2015 жылғы бюджеті нақтыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен V шақырылым мәслихатының XXXV сессиясында 2015 жылға арналған қала бюджеті нақтыланды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала бюджеті 434 млрд. 497 млн. 412,3 мың теңгені, оның ішінде бюджет шығындарын алып тастағандағы нақтылы бюджет - 350 млрд. 841 млн. теңгені құрады.

Қала басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық салада даму көрсеткіші байқалғанын атап өтті.

Десек те, әлемдік экономикадағы күрделі процестерді ескере отырып, қалада 2015-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспар қабылданды.

«Өткен жыл сәтті аяқталды. Биыл жоғарыда айтылған біраз себептерге байланысты бюджеттің қысқаруы болады. Қазір 3,3 млрд теңге көлемінде оңтайландырдық. Жергілікті бюджетті толықтыратын резервтер бар. Ол дағдарысқа қарсы жоспарда көрініс тапқан. Біздің міндетіміз - оны жүзеге асыру», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

Қаланы басқару схемасын талқылау барысында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, жергілікті басқару құрылымына 3 басқарма - Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы, Жерді пайдалану мен қорғауды қадағалау басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы енді.

«Тамызда Мемлекет басшысы билікті орталықсыздандыру туралы мәселе көтерген болатын. Кейбір құрылымдардың функциялары мен құзыретін жергілікті органға берілуде. Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы министрлікке бағынатын, енді ол әкімдікке берілді. Осындай жағдай Жерді пайдалану мен қорғауды қадағалау басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасына да байланысты», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram