Алматы қаласының әкімдігі жаңа инновациялық кластердің құрылысын 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отыр - Әсет Исекешев
Оның айтуынша, жаңа кластер «Алатау» арнайы экономикалық аймағының базасында құрылады.
«Джуронг» компаниясының әдістемелік қолдауының арқасында кластер дамуының 3 бағытын қарастырып отырмыз: hi-tech машина жасау, инфракоммуникациялық технологиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық әзірлеме. Оны біз шартты түрде «Tech Garden» - жас инновациялық компаниялар өсіп шығатын Технологиялар бақшасы» деп атап отырмыз», - деді министр.
Алматы қаласының әкімдігі жаңа инновациялық кластердің құрылысын 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.
«Кластер негізінде ашылған жобаларды қаржыландыру автономды кластерлік қордың тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, жұмыс жасап жатқан инфрақұрылым максималды түрде іске тартылады.
Министрдің пікірінше, маңызды инновациялық кластердің Алматы қаласында орналасуының өз заңдылығы бар. Оңтүстік Астанада 58 ЖОО-да 187 мың студент білім алуда. Мұнда 67 Ғылыми зерттеу институттарында ғалымдардың 40 пайызы, 20 трансұлттық компаниялар мен ондаған венчурлық компаниялар шоғырланған.