Алматы қаласының әкімі оңтүстік астана тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтады

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов алматылықтар мен қала қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
None
None

Онда: «Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл - әрқайсымыздың көңілімізге қуаныш, жүрегімізге жылылық сыйлайтын шуаққа толы мерейлі мереке.

Бұл мейрам - ең алдымен отбасылық мереке. Сондықтан ата-анаға, ағайын-туыс, балаға деген сүйіспеншілік, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезім одан әрі биіктей түсетіні ақиқат.

Жаңа жылдың қарсаңында өтіп бара жатқан 2013 жылға зейін салсақ, табысымыз бен қуанышымыз, жетістігіміз бен жеңістеріміз мол болды. Белесті биіктеріміз бен беделді істеріміз де жетерлік.

Көп ұлтты Отанымыздың 2013 жылғы елеулі жетістіктеріне Алматы қаласының қосқан үлесі зор. Алматы - мемлекетіміздің тұрақты дамып келе жатқан ең ірі мегаполисі, жалпы Орта Азия өңірінің экономикалық қақпасы.

2014 жыл - «жеті қазынаның бірі» - Жылқы жылы, шығыс дәстүрі бойынша ол әр отбасыға, жалпы елімізге ырыс пен ынгтымақ, береке мен бірлік әкеледі.

Табалдырығымыздан аттайтын Жаңа 2014 жыл баршамызды жағымды жаңалық пен үлкен жақсылыққа, қуаныш пен шаттықа бөлесін!» деп жазылған.

Соңғы жаңалықтар