18:09, 20 Қараша 2015 | GMT +5
Алматы қаласының әкімі «Сименс» компаниясының делегациясын қабылдады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Германияның «Сименс» трансұлттық компаниясының делегациясын қабылдады. Кездесу барысында экономиканың әр түрлі саласында ынтымақтастық орнату және оны дамыту мәселелері талқыланды.

«Сименс» компаниясының өкілдері өз кезегінде «Алматы-2020» даму бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.
Осыған байланысты олар қызығушылық танытып, Алматы қаласын дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Мысалы, «Ақылды қала», қоғамдық көлік, соның ішінде жеңіл рельсті көлік желісі, денсаулық сақтау және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салалары бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Айта кетелік, «Сименс» компаниясының Қазақстандағы ұзақмерзімді стратегиясы жергілікті құзыреттілікті дамытуға негізделген.