Алматы қаласының аудандық прокуратуралары 2008 жылда атқарылған істердің қорытындысын саралады

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда «2008 жылдың қорытындылары бойынша заңдылық және құқықтық тәртіптің жағдайы туралы» атты қала прокуратурасының жеті ауданның прокуратураларымен кеңейтілген ведомствоаралық мәжілісі өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Кеңес бүгін Жетісу ауданында басталды. Оған аудан прокурорлары, жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері, полиция, салық органдарының қызметкерлері қатысты. Мәжілісте 2008 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалып, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметтеріне баға берілді. Сондай-ақ, 2009 жылға арналған тапсырмалар қойылды, оларды іске асыру жолдары айқындалды. Соның ішінде, қаржы дағдарысына қарсы шаралардың қабылдануы, қылмыспен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты жетілдіру, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау секілді бағыттарға басымдық берілді. Осы секілді кеңейтілген ведомствоаралық мәжілістер қаланың Әуезов, Медеу және Түркісіб секілді басқа да аудандарында өткізілді. Ертең Бостандық, Алмалы және Алатау аудандарында жалғасады.
Соңғы жаңалықтар