Алматы қаласының кеденшілері І тоқсандағы жұмыстарының нәтижесін шығарды

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат  - Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2012 жылдың І тоқсанындағы жұмысының қорытындысын шығарды.
None
None

Өткен үш айдың ішінде департаментпен республикалық бюджетке 41 миллиард 200 миллион теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар аударылу қамтамасыз етілді. Бұл өткен 2011 жылдың І тоқсанындағы аударылған ақша сомасынан 12 миллиард теңгеге артық.

Департаментпен 2012 жылда кедендік төлемдер мен салықтар есебінен республикалық бюджетке аударылуы жоспарланып отырған сома 209 миллиард 787 миллион теңгені құрайды. Департаменттің ең басты міндеті - осы көрсеткішті іс жүзінде орындау.

Бүгінде әкімшілік тосқауылдарды болдырмау, департаменттің кеден бекеттерінде кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлық пен  кеден заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында тәуекелмен басқару жүйесі қолданылуда, ол кедендік бақылау іс-шараларын қолдануын бақылауға және жүкті негізсіз тексермеуге, сондай-ақ сараптамаға жібермеуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың өткен 3 айы ішінде департаменттің кеден бекеттерімен бір жұмыс күні ішінде кедендік ресімдеу жүргізуі 10 пайызға өсті. Қазіргі таңда кедендік рәсімдеуді жеңілдетумен қатар, рәсімдеуді жүргізу мерзімін азайту бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментімен кедендік декларациялау және кеден заңнамасына қатысты бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданылуда. Тексеру іс-шаралары нәтижесінде, есептік мерзім ішінде қосымша 1 миллиард 874 миллион теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар аударылды.

Кедендік заңнаманың бұзылуы бойынша экономикалық контрабанда, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару, кедендік шекарадан есірткілік және тағы басқа заттарды тасымалдау бойынша департаментпен 21 қылмыстық іс және 279 әкімшілік іс қозғалған. Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде жалпы 60 миллион 850 мың теңге мөлшерінде айыппұл санкциясы салынып, 26 миллион 282 мың теңгеге тауар мен көлік құралдары тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар