Алматы қаласының маңында жаңа әуежай салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданының Жетіген кенті маңында жаңа әуежай салынады. Бұл туралы Алматыда өткен аймақтық жиын барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, жаңа әуежай үшін Алматы қаласынан 54 шақырым жерде орналасқан Жетіген кенті маңында 2 мың гектарға жуық жер телімі белгіленіп қойылған.

«Бұл шешім Көлік және коммуникация министрлігінің ұсынысымен қабылданды. Ондағы мақсат - ұшақтардың ұшуы мен Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл әуежай сонымен қатар транзиттік қызмет те атқаратын болады. Жақын орналасқан теміржолдар, автокөлік жолдары, электр қуатының көздері және су ресурстары көлік тасымалдау мәселесін шешуге және әуежайдың жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы маңында халыққа төрт әуежай қызмет көрсетеді. Олардың ең үлкені - Алматы қаласында, ал қалған кішігірім үш әуежай Боралдай, Байсерке және осы Жетіген кентінде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум