Алматы қаласының полицейлері не үшін атты аңдыды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде патрульдік автомобильдің жол үстінде шауып келе жатқан атты аңдыған ерекше видеосы жарияланды.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның Құлжа даңғылында болғанын хабарлады.
Бүгін, таңертең Алматы тұрғыны полицияға жылқысының қашып кеткені жайлы хабарлаған. Жануар қаланың қақ ортасында жүрген және басқа адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірген.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Алматы қаласы тұрғынының шағымынан кейін қалалық ІІД ӘПБ арнайы батальонының сол маңдағы экипажы шұғыл кіріседі.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер жылқыны жол үстінен жиегіне қарай шығарады. Осы уақытта жануардың иесі де келіп, барлығы ойдағыдай шешілген.
Сотрудники #ГАИ устроили погоню за лошадью в Алматы 🐎 #погня #Алматыдтп #лошадь #гаи @almaty_dtp #пробкаАлматы