Алматы қаласының прокуратурасы 104 миллион теңге салық төлеуден жалтару фактісін анықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының прокуратурасы 104 миллион теңге салық төлеуден жалтару фактісін анықтады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Дәлірек, «ГК Grand Hous» ЖШС 2011-2014 жылдары мүлік және жер салығын төлемей келген. Бұл компания - қаладағы үш қонақ кешенінің меншік иесі.

Прокуратураның ұсынысы бойынша аталмыш компаниядан 104 миллион теңгенің салығы өндіріліп алынды.

Соңғы жаңалықтар