Алматы қаласының студенттері арасында зияткерлік олимпиада ойындары өтті

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың тарихи тұлғалары» атты зияткерлік олимпиада ойындары өтті.
None
None

Онда 6 команда бақ сынап, нәтижесінде «Тұран» университетінің командасы жеңіске жетті. Ал 2-3 орындарды сәйкесінше Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командалары иеленді.

«Бүгінгі шараның негізгі мақсаты - қазақ жерінде өмір сүрген тарихи тұлғалардың атқарған ұлы істерін ұрпақтар санасында түпкілікті орнықтыру. Сондай-ақ қазіргі ғаламдық жаһандану заманында жастарымызды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында өтіп жатқан білім додасына биыл Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып, өзара сайысқа түсті», - дейді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы Жамал Әшірбекова.

Соңғы жаңалықтар