Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының таулы аймағында қар көшкіні болу қаупі бар, деп хабарлайды Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
None
None

Бұл жөнінде бүгін таңертең арнайы SMS хабарламалар таратылды. Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментнің мәлімдеуінше, көктем шығып, күннің жылынуына байланысты таулы аудандарды қар көшкіні қаупі сақталуда. Сол үшін де азаматтарды қар басқан тау бөктерлеріне шығудан бас тартуға шақырады.

Дәл қазір Алматы қаласында таңертеңнен бері жауып жатқан жаңбырдың соңы қарға ұласты.

Соңғы жаңалықтар