Алматы қаласының жалпы ішкі өнімі Тәжікстаннан бес, Қырғызстаннан алты есе артық - қала әкімі

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда жан басына шаққанда өңірлік жалпы ішкі өнімнің көлемі Чехия, Польша сияқты бірқатар Шығыс Еуропа елдерінен асып түседі. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов кеше Республика сарайында өткен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика универитетінің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеште айтты.
None
None

«Алматының үлесіне республикадағы барлық сауда қызметінің 45 пайызы, байланыс және көлік қызметінің 26 пайызы тиесілі. Елдегі шағын және орта бизнес субьектілерінің 35 пайызы осында жұмыс жасайды. Негізгі қаржы ағыны да Алматы арқылы өтеді. Ал республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 20 пайызға жуық», - деді А.Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, Алматыдағы өңірлік жалпы ішкі өнімнің көлемі өткен жылы 5,60 триллион теңгені құрады. Бұл Тәжікстанның жалпы ішкі өнімінен 5 есе, Қырғызстаннан 6 есе, ал Өзбекстанның жалпы ішкі өнімінен 8,6 пайызға артық. Экономиканың орнықты дамуы шаһардың республикалық бюджеттің негізгі доноры болуына мүмкіндік беруде. Мемлекеттік бюджет түсіміндегі оның үлесі жыл сайын 25 пайызды құрауда. Ал қалалық бюджет түсімінің 60 пайызын шағын және орта бизнес қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар