12:40, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Алматы-Қарағанды-Астана» әуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың ақпан айында жаңа «Алматы-Қарағанды-Астана» әуе желісі ашылады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың ақпан айында «Алматы-Қарағанды-Астана» жаңа әуе желісін ашу көзделген. Бұл рейс аптасына екі рет ұшырылмақ. Алдағы уақытта бұл рейс күн сайын болады деп жоспарлануда»,- делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің бірініші орынбасары Асылбек Дүйсебаев өткізген қаладағы «Сарыарқа» әуежайының даму мүмкіндіктері мәселесі жөніндегі кеңесте мәлім болды. «Жиында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын ары қарай арттыру, соның ішінде кедендік және шекаралық бақылау аймағынан өту уақытын қысқарту мәселесіне назар аударылды. Облысаралық және халықаралық бағыттарда жаңа әуе желілерінің ашылу маңыздылығы айтылды»,- делінген хабарламада.