Алматы колледждерінің студенттері Тұңғыш Президент күнін шығармашылық байқаумен атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында қала колледждерінің студенттері арасында шығармашылық байқау болып өтті.
None
None

«Нұр Отан» партиясының «Жас отан» жастар қанаты ұйымдастырған бұл шараға 30-дан астам колледждің студенттері қатысты.

«Біз бүгін Елбасымызға қолдау көрсету үшін жастарымызды осы мерекелік шараға жинап отырмыз. Өйткені, Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміздің жастары лайықты білім алып, ең жоғары мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Мемлекет басшысы білім беру саласына жіті көңіл бөліп келеді. Өйткені, жастар елдің болашағы. Сондықтан бүгінгі байқау олардың лайықты азамат болып қалыптасуына қосылған үлес», - деді аталмыш академияның тәрбие жұмысы бойынша проректоры Гүлнар Мерзадинова.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Арман Қалбеков «Еліме және Елбасыма» деп аталатын поэтикалық байқау жастарды біріктіруге және олардың әлеуетін арттыруға бағытталған.

«Құрамына өнер қайраткерлері және Елбасының сыныптастары енген қазылар алқасы ең үздік өнер көрсеткен жастарды таңдайды. Байқау жеңімпаздары естелік грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады», - деді А. Қалбеков.

Соңғы жаңалықтар