Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 шілдеде жануарлар шеруі өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Мәдени шара Қазақ циркінің дүниеге келгеніне 45 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Күндізгі сағат 11-ден 12-ге дейін экзотикалық жануарлар, үйретілген аюлар, сайқымазақтар, өзге де цирк өнерпаздары Алматы көшелерін аралап өтпек. Арена жұлдыздары Абай көшесінен шығыс бағытқа қарай Сейфуллин көшесіне дейін барып, қайтадан Әуезов көшесіне дейін оралады. Жануарлардың мерекелік шеруін барлық қала тұрғындары тамашалай алады.

Қазақ циркінің мерейтойына әлемнің атақты өнерпаздары, экзотикалық жануарлар - түйеқұс, қолтырауын, келес (алабажақ кесіртке), жылан тәрізді жануарлар қатысады. Цирк ұжымы алматылықтар назарына мерейтойлық «13 ғажайып» бағдарламасын ұсынып отыр.

Қала тұрғындары әлемнің беделді өнерпаздарының қойылымдарын 18 шілдеден 23 тамызға дейін тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар