Алматы көшелеріндегі көлік жарысы: Бейнежазбаны полиция зерттеп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түнде Алматы көшелерінде қымбат көлікпен жарысқандардың видеосын тәртіп сақшылары зерттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелеріндегі көлік жарысы: Бейнежазбаны полиция зерттеп жатыр

Қазіргі уақытта YouTube видеохостингісінде жарияланған бейнежазбаны қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы зерттеп жатыр.

«Қазірдің өзінде, жарысқа қатысушылардың әрекеттерінде бірқатар құқық бұзушылық белгілері бар деп айтуға болады. Құқықтық бағалау сөзсіз болады, нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданады, олар туралы біз кейінірек айтатын боламыз», - деді Алматы қалалық ПД.

Бұл кадрларда қымбат көліктердің жылдамдығы сағатына 190 шақырымға жеткені көрсетілген. Ал жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілер әсерлерімен бөліскен. Қазіргі уақытта видео желіден өшірілді.