Алматы көшелеріне қандай бордюрлер қойылып, ауыстырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жабындысын орташа жөндеу аясында бордюрлер тегістелуде және ақауы барлары жаңаруда. Жаңа брордюрлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұрын болмаған жерлерге қойылуда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта мегаполистің жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын (әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғұт Озал, Саин, Төле би, Шаляпин, Манас, Құрманғазы, Жұмалиев, Шағабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаев) 15 магистральды көшесінде жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қаланың 15 магистральды көшесінде жол-жөндеу жұмыстары полимерді қолдану арқылы жүргізілетін болады, ол жол жабынының сапасын арттырады. Полимер қабыршақтанбайды және өте төзімді. Полимерді қолдану жолдардың қызмет ету мерзімін, сарапшылардың бағалауы бойынша, стандарттарға сәйкес 4-5 жыл орнына 8-10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді», - делінеді әкімдік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ әкімдіктің мәліметінше, орташа жөндеу кезінде гранитті және цементті-құмды бордюрлердің құрылымын ескеру қажет, олардың сапасын арттыру мен сапалы жұмысы үшін дәл қозғалыс бөлігіне қою керек.

«Мысалы, 15 магистральдық көшеде 90 080 гранитті және цементті-құмды бордюрлер бар, олардың ішінде диагностика нәтижелері бойынша 23 716 (20 987 гранитті және 2 729 цементті-құмды бордюрлер) жарамсыз және эстетикалық келбетін жоғалтқан бордюрлер ауыстырылады. Ақауы жоқ үйілген бордюлер тегістеуге жатады. Тегістеу кезінде жол жиектері оларды жолдың қажетті белгісіне теңестіру үшін бөлшектеледі. Осыдан кейін алынған жиектер қайта пайдалануға жатпайтын жарамсыз жиектерді ішінара ауыстыра отырып, сол учаскеге орнатылады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, гранитті және ұзақ мерзімді борттық тастар ауыстырылмайды, олар негізінен қашалатын болады.

«Тегістеп қашау - бұл бөлшектеу және орнату, оны қажетті белгіге орнату. Жолды пайдалану кезінде жиектер жиі ығысуы мүмкін. Жол жабындысы мен бордюр арасындағы саңылауларға байланысты жол жиегінде жарықтар пайда болуы мүмкін. Сондықтан сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшін асфальтбетон төсемес бұрын бордюрлердің тегіс орналастыру қажет», – деді ол.

Алматы жолдарында бордюрлердің екі түрі қойылған: өте берік гранитті бордюр және цемент-құмды, олардың орташа қызмет ету мерзімі механикалық зақымданусыз 4-5 жылды құрайды.

Гранитті бордюрлерді Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдар Күрті аумағынан жеткізушілерден тендерлер арқылы сатып алады. Цемент-құмды бордюрлер апат салдарынан немесе қар тазалайтын машиналар жұмыс істеп тұрған кезде тезірек жарамсыз болып қалады.

«Сондықтан Алматының кейбір магистральдық көшелерінде цемент-құм бордюлер гранитке ауыстырылады. Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан әл- Фараби даңғылындағы ұызныды 25 шақырымнан асатын бордюрдің тек 1 шақырымы ғана ауыстырылды. Абай даңғылы бойында 18 шақырым жиектің тек 1,5 шақырымы ғана ауыстырылады, ал Тілендиев көшесінде қираған цемент-құм жол жиегі жаңартылды», - деп мәлім етті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, 6,9 мыңнан астам қума метр жаңа бордюр белгіленеді. Олар жаяу жүргіншілердің қауіпсізідігін арттыру аймақтарына қойылады. Ол Швеция, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ және Канада сияқты елдердің тәжірибесін ескере отырып, Vision Zero жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол апатын азайту жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда 3-5%-дан аспайтын бордюрлер ауыстырылып, қалғандары түзетіліп, орнына қойылатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар