Алматы-Қостанай ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағының техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралуына тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«КС7141 рейсі кесте бойынша сағат 12:10-да ұшқанын хабарлаймыз. Алайда, техникалық ақауға байланысты ұшақ әуежайға қайта оралды. Экипаждың уақыты аяқталды. Қосымша экипаж ұсыну мүмкіндігі болмағандықтан, рейсті тоқтату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

FlyArystan әуе компаниясының ресми ақпаратында айтылғандай, тоқтатылған рейс жолаушыларына билет құнын толықтай қайтару немесе балама рейстерге қайта броньдау ұсынылады.

«Уақтылы ұша алмаған жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді. Сонымен қатар, бос орындар болған жағдайда жолаушыларды қонақүйге қоныстандыру немесе жолаушының тұру шығынын өтеу ұсынылады», - дейді компаниядан.


Соңғы жаңалықтар