Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағы бойынша есеп жақын арада жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - CRJ-200 әуе кемесінің Алматы қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі комиссияның биылғы жылғы қазан айының аяғында өткізілген кеңейтілген отырысының барысында соңғы есептің жобасы әзірленген болатын.
None
None

Ол жоба ұшақтың әзірленуі мен шығарылуына қатысты мемлекеттерге, яғни Канада мен АҚШ-қа жіберілді.

«Жобаны Қосымшаға сәйкес талқылау мерзімі ресми жолданған сәтінен бастап 60 күнді құрайды. Бұл авиациялық оқиғаның зерттелуінің күрделілік деңгейінің жоғарылығы экипаждың екінші айналымға кетуге қажетті барлық іс-әрекеттерді орындауды аяқтамау жағдайын анықтаумен түсіндіріледі»,-делінген ҚР ИДМ мәліметінде.

Осы жағдайды ескере отырып, үлкен көлемде қосымша зерттеу жұмыстары, оның ішінде кешенді сот-медициналық сараптама жасалды. Соның нәтижесінде экипаждың әрбір мүшесінің әуе кемесінің кабинасындағы өз жұмыс орындарындағы орналасқан орындарын анықтау, сонымен бірге олардың ұшудың соңғы кезеңіндегі жұмыс қабілеттілігін анықтау қажет болды.

«ҚР ИДМ-нің өкілдері бұдан бұрын мәлімдегеніндей, апаттың тексерілуі аяқталғандығын тағы да атап өткенім жөн. Есептің жобасы, басқаша айтқанда, тексеріс қорытындылары ұшақты әзірлеуші-мемлекеттердің қарап, келісуіне жолданды. Ақырғы нәтижелер барлық тараптардың келісу рәсімі аяқталғаннан кейін жарияланатын болады. Оның үстіне, Канада мен АҚШ өкілдерінен ресми жауап алмай есептің кейбір бөліктерін немесе толық жобасын жариялауға тыйым салынған», - деп атап өтті Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі канадалық және американдық тараптармен келісілген соңғы есепті таяу арада алуды күтіп отыр. Тексеріс жүргізуге қатысқан барлық тараптармен келісілген ақырғы есеп ҚР ИДМ-нің ресми сайтында жарияланады, сонымен бірге Қазақстан Республикасының барлық мүдделі органдарына жолданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, CRJ-200 ұшағы 2013 жылдың 29 қаңтарында Алматы әуежайына қонуға бағыт алғанда апатқа ұшыраған. Оның салдарынан 21 адам, яғни 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар