Алматы маңында «Мызғымас бауырластық-2012» бірінші бітімгерлік оқу-жаттығуы өтеді

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының маңындағы «Іле», «Шошқалы» және «Жағалау» полигондарында биылғы  8 - 17 қазан аралығында  ҰҚШҰ-ға қатысушы-мемлекеттерінің «Мызғымас бауырластық-2012» бірінші бітімгерлік оқу-жаттығуы өтеді.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталмыш оқу-жаттығу 2012 жылға арналған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құралдары мен басқарма, құрамалар органдарының жедел және жауынгерлік даярлық бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтуде. Барлығы маневрге 950-ге жуық адам, 70 автомобильді және 35 бронетанкті техниканың, төрт Ми-17 (Ми-8) тікұшақтарының қатысуы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен 540-қа жуық адам, 58-ден астам автомобильді және 24 бронетанкті техниканың, төрт тікұшақтары жұмылдырылады. Ресей Федерациясынан мотоатқыш батальон - 160-тан астам адам, Армения, Белорусия, Тәжікстаннан 30 адамнан тұратын бітімгерлік бөлімшелер қатысады. Қырғызстан Республикасынан 50 әскери қызметшілерден тұратын таулы аймақта атқыш ротасы қатысады.
Оқу-жаттығудың мақсаты - ұжымдық қауіпсіздік аумағында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды дайындау және оны жүргізу болып табылады.

Он күн бойы ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ құрамына кіретін шартты мемлекетте бітімгерлік тапсырмасын жүзеге асыру жаттығуларын орындайды. Тапсырманың түпкі ойы - шартты мемлекетте халықаралық эсктремисттік және лаңкестік ұйымдармен байланысты пайда болған дағдарыспен күрес.

«Мызғымас бауырластық-2012» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттер арасындағы бітімгерлік саласында өзара түсінушілік пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Бітімгерлік контингенттердің жеке құрамы дала жағдайындығы дағды-біліктіліктерін жетілдіруге және бірлескен әрекет барысында жауынгерлік үйлесімділіктерін жақсарту мүмкіндігін алады.

Қызыл крест Халықаралық комитетінің өкілдерін оқу-жаттығуда жеке құраммен халықаралық ізгілікті құқық бойынша дәрістерді өткізу үшін шақыру жоспарлануда.

17 қазанда өтетін оқу-жаттығудың шешуші кезеңіне Біріккен Ұлттар Ұйымының операциялар департаментінің бейбітшілікті қолдау бойынша өкілдері, Көші-қон халықаралық ұйымы, ТМД орындаушылық комитеті, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері шақырылды.

Соңғы жаңалықтар