Алматы маңында тағы жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 17:12 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Photo: ekonomigundemi.com.tr

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 404 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 10.1 MPV магнитудасы – 4.4, бағыты 41.71° с.е 81.38° ш.б. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Бұл – бір тәулік ішінде екінші жер сілкінісі. Бүгін сағат 16:03-те сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында жерасты дүмпулерін тіркеді.



Фото: ekonomigundemi.com.tr





Соңғы жаңалықтар