Алматы маңындағы ұшақ апаты: екінші ұшқыш есін жиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маңында ұшақ апатынан жарақат алған екінші ұшқыш жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы № 4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ұшқыш есін жиды, жағдайы тұрақтанды. Жансақтау бөлімінен бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Сөйледі, қойған сұрақтарға жеткілікті деңгейде жауап бере алады», - деді Айман Байзолданова.

Бұған дейін, екінші ұшқыштың омыртқасына күрделі операция жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 12 адам қаза тапты.

Кейін Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.



Соңғы жаңалықтар