Алматы марафоны сайтында мерейтойлық жарысқа онлайн тіркелу басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы марафоны ұйымдастырушы комитетінің ресми сайтында бесінші мерейтойлық марафонға онлайн тіркелу басталады. Ол 2016 жылдың 17 сәуірі күнгі түнгі 23 сағат 59 минутқа дейін жалғасады. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы марафонның қоғаммен байланыс бойынша менеджері Жанна Байзрахманова айтты.
None
None

Алматы марафонының ұйымдастыру комитеті өзінің бесінші мерейтойлық жарысының құрметіне өз жанкүйерлеріне тосын сый әзірледі. Енді 42 шақырым 195 метр қашықтыққа тіркелген алғашқы 100 адам өз есімдері жазылған старттық нөмір алатын болады.

«Алматы марафоны соңғы жылдары қаламызда жұртшылықтың сағына күтетін танымал спорттық шарасына айналды. Сондықтан, бесінші мерейтойлық марафонға 20 мыңнан астам адам қатысады деп үміттенеміз. Ұсынылатын қашықтықтықтар сол баяғысынша 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым 195 метр. Сонымен қатар корпоративтік командаларға аналған «Экиден» эстафетасы ұйымдастырылады», - деді Алматы марафоны ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Алматы марафоны қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал бола түскені белгілі. Мысалы, 2012 жылы марафонға 2500-ден астам адам қатысса, биыл оған әлемнің 40 елінен 19 000-нан аса адам қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Алматы марафонының ұйымдастырушы комитеті бұл спорттық шараны әлемдік дәрежеге көтеру үшін ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр. Мысалы, 2016 жылы кластерлік жүйе енгізіледі. Сонымен қатар енді жарыс жолына тек тіркелген азаматтар ғана шығады. Алматы марафонында жиналған қаржы ірі республикалық қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Естеріңізге сала кетелік, биылғы жарыстан жиналған қаржы қаладағы нөмірі №9 мектеп-интернатқа спорт кешенін салуға жұмсалған болатын.

Соңғы жаңалықтар